Бір жылда бірнеше мәрте қымбаттады. Қазақстандықтар еліміздегі Tele2/Altel, Beeline сынды байланыс операторларын тариф бағасын негізсіз шарықтатып жіберді деп шағымданды.
Ең сорақысы баға өскен сайын қызмет көрсету сапасы нашарлап барады дейді, желі қолданушылары. Бүгін Үкіметте өткен жиынға қатысқан Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша мұның бәрі бақылаудың жоқтығынан. Оның сөзінше, 2017 жылдан бері байланыс саласы мемлекет тарапынан қадағаланбайды. Сондықтан тарифтер мен қызметтер бағасы нарықтағы сұранысқа қарай қалыптасады.
СНХ: ДМИТРИЙ МУН – ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ