«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында Уәлиханов ауданының прокуратурасы мен полиция бөлімі бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында заманауи технологияларды пайдалануда. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды. Оның көмегімен аудан көшелері әуеден бақыланып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылу фактілері тіркелді. Бақылау барысында бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті хаттамалар толтырылды. Оның ішінде қарсы қозғалыс жолағына шығу, маневр жасау, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жол бермеу сияқты қауіпті әрекеттер дрон көмегімен әшкереленді. Айта кетейік, бұл тәсіл өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.