Жыл басынан бері облысымызда 281 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 17 адам мерт болды, оның ішінде 3-уі бала. Тағы 20 адам түрлі жарақат алған. Оның 13-і улы газдан уланған.
Мамандардың айтуынша, өрт оқиғаларының басты себебі — өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы. 3 тамыз күні Ж. Жабаев көшесіндегі көпқабатты үйдің 5-қабатында өрт шықты. Балкон мен жатын бөлме жанып, пәтерді қою түтін басқан. Құтқарушылар 97 адамды эвакуациялап, 29 тұрғынды, оның ішінде 6 баланы аман алып шықты. Оқиға орнында 12 техника мен 30-дан астам құтқарушы жұмыс істеді.
СНХР: АСЛАН АХМЕТЖАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ