Петропавл қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға заң аясында көмек көрсету мақсатында құқықтық көмек көрсету орталығы қызмет атқарады. Бұл орталықта білікті мамандар жұмыс істейді. Олар тұрғындарға әртүрлі құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қажетті шешім табуға жәрдемдеседі.

Қазіргі таңда құқықтық қолдау орталығы СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымаен бірлесіп адамдарға тегін кеңес беру іс-шарасын бастады. Бұл мақсатта 10 заңгер және 2 адвокат жұмыс істейді.Іс-шара аясында есірткі және психобелсенді заттарды қолданудың салдарымен отбасында, тұрмыста, көршілер арасында немесе айналада қиындықпен бетпе-бет келген азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіледі.

СНХ: ЕВГЕНИЙ СОЛОВЬЕВ, СҚО ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ