Көптен күткен футбол матчы Петропавл қаласында өтті. Бұл жолы өңіріміздің «Қызылжар» ФК Қостанайдың «Тобол» командасымен ойын алаңына шықты. Кездесу «Қарасай» стадионында өтті.
Жергілікті команданы қолдауға жанкүйерлер көптеп жиналды. Олар – қандай жағдай болмасын, футболшыларымыздың жеңісіне сенетін нағыз жанкүйерлер. Ойынға ең кішкентай балалардан бастап, түрлі жастағы көрермендер келді. Осы орайда, біз қала тұрғындарынан ойыннан қандай әсер күтетінін сұрап білдік.
Ойын барысы таласқа толы болып басталды. Екі команда да жеңіске ұмтылып, алаңда белсенді өнер көрсетті. Дегенмен, алғашқы таймның қорытындысы жанкүйерлердің көңілінен шыққан жоқ. Олар командаға деген үмітін әлі үзбесе де, ойында бірнеше қателіктердің байқалғанын жасырмады.
Бұл матч жергілікті жанкүйерлеркөңілінен шықпады. «Қызылжар» командасы барлық күш-жігерін салып таласқа түскеніне қарамастан, ойын қорытындысы бойынша 2:0 есебімен жеңілді. Қостанайлық «Тобол» командасы кездесуде жергілікті командадан 2 ұпайға жоғары болып, жеңісті қанжығасына байлады.