Санақ науқаны барысында Қызылжар ауданында 13 мыңнан астам үй шаруашылығы мен 600-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымы қамтылмақ. Санақтың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы нақты деректерді жинау.
Қызылжар ауданының аумағында 10 мыңнан астам отбасы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады, сондай-ақ 616 ауыл шаруашылығы құрылымы бар. Санақ жүргізу процесі жеңіл әрі жылдам. Егер тұрғындар санақты өз бетінше толтыруда қиындыққа тап болса, аудандық әкімдікке жүгінуіне болады.
СНХР: ҚАНАТ ДАРБАЕВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Өңірдегі ірі өндірушілердің бірі - "Алекри" құс фабрикасы. Мұнда жылына шамамен 1,5 миллион дана жұмыртқа өндіріледі. Кәсіпорын басшысы Ұлттық ауыл шаруашылығы санақ науқанын маңызды әрі қажетті іс-шара деп санайды.
СНХ: АЛЕКСАНДР ПРЯДКО «АЛЕКРИ» ФИРМАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Санақ барысында мал басы, жер, техника, инфрақұрылым және басқа да мәліметтер жаңартылып отырады. Бұл ақпарат мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және қаржыландыруға тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады.