Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Өңірде тамыз айы құбылмалы ауа-райымен басталды. Қазіргі таңда күн әлі де жылы болғанымен, күз мезгілі де жақындап қалды. Жаздың соңғы айында айында ауа райы қандай болмақ? Бұл туралы тілшіміз баяндап берсін.

Тамыздың жылы күндері әлі алда. Түн мен таңғы уақытта ауа температурасы төмендеп, салқын сезілсе де, синоптиктер жылы күндер әлі жалғасады деп болжауда. Айдың алғашқы онкүндігінде күндіз ауа температурасы +24 градусқа дейін көтерілсе, түнде +6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Яғни, тамызда ауа райы құбылмалы болғанымен, жылы күндер әлі де болады.

СНХ: ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РММ СҚОФ БӨЛІМ БАСШЫСЫ


Тамыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда. Демек, жаңбыр жиі жауады.

Сондай-ақ, бірінші онкүндіктің ортасында тұман күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, көптеген аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады.