Есіл ауданына қарысты Покровка елді мекенінде орналасқан "Стрелец". Экологиялық егіншілік " серіктестігі 2011 жылы құрылған болатын. 2012 жылдың жазында олар биогумус өндірісін іске қосты. Бүгінде кәсіпорын қуаттылығы жылына 1000 тонна биогумус яғни тыңайтқыш түріндегі көң өндіруге мүмкіндік береді.

Серіктестіктің негізгі қызметі көкөніс дақылдарын егу, сондай-ақ мал қиын көңге айналдыратын арнайы құрт өсіруге бағытталған. Бұл мақсатта олар "Жұмыспен қамту 2020" бағдарламасы бойынша 15 млн.теңге сомасында несие алып ол қаражатқа Ресей Федерациясының Владимир облысындағы "Грин-пик" корпорациясынан елімізде биогумус өндірісін ашу оған қажетті технологиялық құрттарды өндіру және сату құқығына рұқсат беретін арнайы лицензия сатып алған. Биогумус - бұл экологиялық таза органикалық тыңайтқыш болып табылады. Оны қолдану агрохимиялық қасиеттерді жақсартып ауылшаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 2023 жылы органикалық тыңайтқыш өндірісінің көлемі 970 тонн болса, былтырғы жылы бұл көрсеткіш 1200 тоннаны құраған. Дайын өнім негізінен еліміздегі топырақ құнарлылығы төмен өңірлерге жөнелтіледі. Сұраныс бар.

СНХ: НҰРМАШ РАМАЗАНОВ – ЕСІЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ