Солтүстік Қазақстан облысының командасы республикалық командалық айтыста үздік үштікке енді. Екі жылға созылған мәдени жоба аясында өңірдің өнерпаздары ұлттық мұраны дәріптеп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Республикалық командалық айтыс – айтыс, жыр, терме, күй мен дәстүрлі әнді біріктірген ауқымды мәдени жоба. Еліміздің 20 өңірінен үздік өнерпаздар қатысқан додада СҚО командасы жоғары өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленді.
Снхр: ЖАРҚЫН ЖҰПАРХАН, АЙТЫС АҚЫНДАР МЕН ЖЫРШЫ ТЕРМЕШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ
Команда алғашқы кезеңде Шығыс Қазақстан облысын жеңсе, екінші кезеңде Астана қаласының командасымен сайысып, ақтық кезеңге жолдама алған. Қорытындыда СҚО өнерпаздары жүлделі үшінші орынды иеленді. Біржан Есжанов дәстүрлі ән бағыты бойынша «Үздік орындаушы» атанып, арнайы марапатқа ие болды.
Снхр: БІРЖАН ЕСЖАНОВ, «ҮЗДІК ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Салтанатты іс-шарада өнер иелеріне облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Команданың әрбір мүшесі ұлттық өнердің абыройын асқақтатуға зор үлес қосты.