Петропавлда Арт студияда балаларға арналған жазғы лагерь өтіп жатыр. Бұл балалардың жазғы демалыс уақытында жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануға таптырмас орын.

Қазір мұнда 7-12 жас аралығындағы 8 оқушы қатысуда. Дүйсенбі-жұма күндері аралығында мұнда бүлдіршіндер өздерін жан-жақты дамыта алады. Баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілеті болса осы жерде байқап көруге болады.

Снх: ИРИНА ЗАГОРОДЬКО, АРТ СТУДИЯ ЖЕТЕКШІСІ


Мүсіндер тек ермексаздан ғана емес, балшықтан да жасалады. Әр мүсін 20-30 минут аралығында дайындалады. Студияда дайын мүсіндердің неше түрлісін көруге болады. Сондай-ақ көздің жауын алатын суреттер де бар. Барлығы балалардың өз қолымен жасалған.

Лагерь барысында оқушылардың шығармашылық белсенділігі артып қана қоймай, денелері де шынығады. Оған арнайы йога жаттығулары көмектеседі. Жаттықтырушы Юлия Миронованың айтуынша бүлдіршіндер өте белсенді. Йога балалардың зейінін жақсартады, эмоциялар мен стрессті жеңуге көмектеседі, икемділік, тепе-теңдікке үйретеді, баланың өзіне деген сенімділігі артады. Жаттығу соңында гамактарға отырып тербеліп, демалады.