ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда, енді Айыртау ауданында Шалқар мен Имантау көлінің аумағында орналасқан демалыс орындарында туристік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Олар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, демалушыларға сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тұмса табиғатымен танымал Айыртау ауданы – соңғы жылдары отандық және шетелдік туристер арасында үлкен сұранысқа ие бағыттардың біріне айналды. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік деңгейі – туристік бағыттардың тартымдылығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі таңда ауданда 2 туристік полиция қызметкері жұмыс істейді.
СНХ: САҒИ ӘШІМОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ПБ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ
Асылхан Сейітқалиевтің осы салада жұмыс істеп жүргеніне 5 жылдан астам уақыт болған. Ол осы жылдың 14 шілдесінен бастап туристік бөлімшесіне ауысқан.
СНХ: АСЫЛХАН СЕЙІТҚАЛИЕВ, ТУРИСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Айта кетейік, Айыртау ауданындағы Шалқар көлінде - 23, Имантауда 15, ал Ақкөл көлінде 3 демалыс аймағы бар.