1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл — он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан. Оның негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайын, өндірістік әлеуеті мен ресурстық мүмкіндіктерін бағалау. Осы орайда орталық коммуникациялар қызметінің алаңында арнайы брифинг өтті. Онда жауапты ведомство өкілдері санақтың маңыздылығы, оның жүргізілу тәртібі және қатысушылардың міндеттері туралы кеңінен түсіндірді.

Ауыл шаруашылығы саласының даму әлеуетін айқындауға бағытталған ауқымды шара – ауыл шаруашылығы санағы бастау алды. Екі кезеңнен тұратын бұл науқанның алғашқы кезеңі 1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz онлайн платформасы арқылы жүргізіледі. Осы кезеңде респонденттер өздері туралы мәліметтерді қашықтан, өздеріне қолайлы уақытта және форматта толтыра алады.

Санақ барысында 1,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 4,8 мың шаруа және фермер қожалығы, сондай-ақ салада жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер қамтылады.

СНХР: МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Санаққа қатысу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Егер ауылдық жерде интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаса, респонденттер аудандық әкімдіктер мен статистика бөлімдерінде арнайы ұйымдастырылған өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарына жүгіне алады. Облыс аумағында осындай 239 арнайы пункт жабдықталып, халыққа қолжетімді етілген.

СНХР: МАРАЛ НҰРЖАУЫПОВА, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Айта кету керек, 20 қыркүйекте басталатын офлайн кезеңге байланысты ауылдық жерлерде интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жүргізілуде. Жұмысқа орналасқысы келетіндер 1446 нөміріне хабарласа алады.