МӘМС аясында 45 жастағы ер адамға құны 4 миллион теңге тұратын ота жасалды. Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылының тұрғыны Александр Кобзев бас ауыруына жиі шағымданып келген. Ол бірнеше рет мемлекеттік және жекеменшік емханаларға жүгінген. Бірақ дене салмағының ауырлығына байланысты оған МРТ жасауға жолдама берілмеген. Жақында бас ауруы жиілеп, амнезия пайда бола бастады. Бір ай бұрын денсаулығы нашарлап, анасы оны көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.
Александр Кобзев дене салмағы 145 кг болғандықтан, оған магниттік-резонанстық томография (МРТ) жасауға жолдама берілмеді, себебі аппарат 120 кг-ға дейінгі пациенттерге арналған болатын. Ауырсынулардың әсерінен ол 25 кг салмақ тастап, тек содан кейін ғана МРТ тексеруінен өту мүмкіндігіне ие болды. Александр 3 күн ауруханада жатып, қажетті анализдерді тапсырды. Кейін басқа ота жасалып, ми ісігі алынды. Оның көлемі 6,5 см-6см-6см құрады. Ота 5 сағатқа созылды. Бүгінде науқастың денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ. Нейрохирург Балхар Шатуевтің сөзінше, алынған ісік гисталогоиялық тексеріске жіберілді.
Снх: БАЛХАР ШАТУЕВ, КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ
Снх: АЛЕКСАНДР КОБЗЕВ, НАУҚАС