Креатив орталығында Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі қылмысына байланысты іс-шара ұйымдастырды. Кездесуге IT-мамандар мен қоғам белсенділері қатысты. Олар бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында дертке айналған нашақорлық мәселесін кеңінен талқылады.
Қазіргі қоғамда нашақорлық проблемасы өте өзекті болып отыр. Бұл кез-келген адамның болашағына балта шабатын қылмыс. Қазір ғаламтор арқылы есірткі қылмыскерлері тыйым салынған заттарды белсенді таратып, қолданады. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл қылмыспен күресу үшін инновациялық әдістерді іздеп, енгізіп келеді.Бұл жұмыстарға IT-мамандары белсенді түрде көмектесуде.
СНХР: ЗАРИНА ПОПОВА, СҚО ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Іс-шараға биыл Полиция департаменті жанынан құрылған Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері де қатысты. Олар қылмыстарды анықтауға көмектесіп қана қоймай, алдын алу шараларымен де белсенді айналысуда.
СНХР: ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ, ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ
Кездесу барысында полиция қызметкерлері әр қатысушының ұсынысын тыңдады. Олар азаматтармен бірлесе отырып, есірткі қылмыстарына қарсы күресуге дайын екендерін жеткізді. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта аймақтағы IT-қоғамдастықтармен меморандумға қол қойылып, жұмыстар жалғасатын болады.