Петропавл қаласында кәсіпкер қыз-келіншектерге арналған «Табыс Қыз» атты тегін оқыту курсы басталды. Жобаны СҚО Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту салалық кеңесі ұйымдастырды. Оқыту курсы 21 тамызға дейін жалғасады. Тақырыпты тілші тарқатады.

100-ден астам өтініш арасынан үздік 10 қатысушы іріктеліп алынды. Курс қатысушылары кәсіби білім алып, өз ісін дамытуға мүмкіндік алады.

СНХР: ӘСЕЛ САМАРАТОВА, СҚО КП ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Әсел Шакимова — тоқыма шебері және «Табыс Қыз» курсының қатысушысы. Қазіргі уақытта ол салық саласы бойынша білімін кеңейтіп, кәсіпкерлік қызметін дамытуға ұмтылуда. Осы курс арқылы Әсел өз кәсібін заңды тұрғыда дұрыс жүргізу мен қаржылық сауаттылығын арттыруды мақсат етпек.

СНХР: ӘСЕЛ ШАКИМОВА, КУРСҚА ҚАТЫСУШЫ


«Табыс Қыз» жобасы аясындағы оқыту 21 тамызға дейін жалғасады. Сертификат алу үшін қатысушылар сабақтардың кем дегенде 80%-ына қатысуы тиіс. Бұл олардың материалды терең меңгеруіне және бизнесті сәтті жүргізуге қажетті құзыреттерді толық игеруіне мүмкіндік береді.