Петропавлда Badman’s атты жас жігіттерден құралған топ өз өнерлерімен көпшіліктің көңілінен орын тауып, жаңа шығармашылық ізденістер үстінде. Топ мүшелерімен біздің арна тілшілері кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Бейнематериалға зер салайық.

Badman’s - Петропавлдық жас өнерпаздардың басын бір арнаға тоғыстырған музыкалық топ. Репертуарларында танымал хиттерге каверлер мен өздері жазған туындылар бар. Әр репетиция олар үшін шағын концерт, ал тыңдарманмен әр кездесу — жаңа белес.

СНХР: ДЕНИС СУДЬИН, «BADMAN’S» ТОБЫНЫҢ ВОКАЛИСІ ЖӘНЕ ФРОНТМЕНТІ


Топ мүшелерінің өмірі музыкамен тығыз байланысты. Олар шығармашылықты негізгі кәсібімен қатар алып жүр. Мәселен, Антон Кухарчук — топтың гитарисі әрі бэк-вокалисі. Күндіз IT саласында жұмыс істейді. Оның айтуынша, музыка — шабыт пен қуат көзі. Ол күнделікті күйбең тіршіліктен шаршатпай, жаңаша серпін береді.

СНХР: АНТОН КУХАРЧУК, «BADMAN’S» ТОБЫНЫҢ ГИТАРИСІ ЖӘНЕ БЭК-ВОКАЛИСІ


Бүгінде Badman’s тобы қаладағы түрлі мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеп, жергілікті іс-шараларға қатысып жүр. Шығармашылықтары да қарқынды дамуда. Алайда топ мұнымен тоқтап қалмақ емес — алдағы мақсаттары Петропавлдан тыс жерлерде де өнер көрсету, тыңдарман санын арттырып, репертуарды толықтыру.

СНХР: ДЕНИС СУДЬИН, «BADMAN’S» ТОБЫНЫҢ ВОКАЛИСІ ЖӘНЕ ФРОНТМЕНТІ


Badman’s кавер орындаушылар тобы әуесқой әншілерден құралса да ән орындаудағы шеберліктері кәсіби әншілерден кем түспейді. Топтың алдағы жоспарлары үлкен сахналарда өнер көрсету.