Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Бұл күн жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Осы мерейтойға орай облыстық десантшылар одағы спорттық жарыс ұйымдастырды.

Қазақстан десантының тарихы 1991 жылы басталады. Кеңес Одағы Қорғаныс министрінің шешімімен 35-гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригада Котбус қаласынан Капшағайға көшірілді. 1992 жылдың 13 мамырында бұл бригада Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына өтті. 2000 жылғы 6 шілдеде тұңғыш президенттің № 417 жарлығы негізінде, 35 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жедел әскерлері қолбасшылығы құрылды.

СНХ: ВИТАЛИЙ ПЕНКИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕСАНТШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


Жарыста қатысушыларға Пестрое көлін жүзіп өтіп, 10 шақырымды жүгіріп өту тапсырмалары берілді. Бұл спорттық сынақтар үшін салқын ауа-райы кедергі болмады. Облыстық десантшылар одағының төрағасы жарыстың басты мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау екенін атап өтті.

СНХ: ЖЕҢІС БАЙМУСИН, ҚАТЫСУШЫ


Десанттық-шабуылдау әскерлері Қарулы күштердің элитасы болып саналады. Бұл жедел бірлестік, Қарулы күштердің құрамалары мен бөлімдерінен тұратын, Қарулы күштер сабындағы стратегиялық әскери құрылым.