Қазақстандық Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атанды. Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойған. Ал, төсбелгі Димаш өнер көрсеткен "Мейкин Азия" фестивалінде табысталды. Димаш Құдайберген – жеті октавалық бірегей дауыс диапазоны бар қазақстандық әнші. Ол 2015 жылы "Славян базары" байқауындағы жеңісінен кейін және 2017 жылы Қытайдағы "Singer" шоуына қатысқаннан кейін танымал болғанын айта кетейік.