Өңірде қоқыс мәселесі әлі де өршіп тұр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз ашылған 62 полигон анықталды. Мәселені шешу үшін полиция департаменті, Экология департаменті және Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері экологиялық рейдтерді тұрақты түрде жүргізіп келеді.
АҚЖҮНІС МҰҚАТАЙ, ТІЛШІ:
- Өңірде қоқыс мәселесі әлі де шешімін таппай тұр. Мамандар проблеманы сәл де болсын жеңілдету үшін үнемі рейдтік іс-шараларды үнемі өткізеді. Бүгін де қолқаны қапқан иісті жою мақсатында жұмысқа кірісті.
Биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыштық түсірімдері нәтижесінде 34 қоқыс орны анықталған. Оның 12-сі рұқсат етілмеген болса, 22-сі белгіленген шекаралардан шыққаны белгілі болды. Ғарыш арқылы жүргізілетін бақылау кезінде қоқыс полигондары мен олардың шекараларындағы өзгерістер үнемі қадағаланады.
СНХ: ИГОРЬ ГАХ, СҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ
Заңға сәйкес, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаған жеке тұлғаларға 393 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл екі есеге көбейеді.