Түсірілім, іссапар, сұхбат, тікелей эфир мұның бәрі біздің телеарнаның күнделікті тынысы. Бұл мерекеде де, демалыссыз күндерде де 24 сағат, аптасына 7 күн бойы тоқтамайтын еңбек. «Қызылжар» телеарнасының құрылғанына биыл 65 жыл. Осы аралықта талай дүние өзгерді. Уақыт алмасып, дәуір жаңарды. Цифрлық форматқа көшу, спутниктік хабар тарату сияқты маңызды кезеңдер артта қалды. Ал бүгінгі уақыт жаңа технологиялар, жаңа бағыттар, жаңа мүмкіндіктер кезеңі.
Біздің телеарнада әр таң «Қайырлы таң!» деген жылы сәлеммен басталады. Бағдарлама жүргізушілері көрерменге сергектік, жақсы көңіл-күй тілеп қана қоймай, өз энергиясынжұмсайды.Осыншама күш-қуатты олар қайдан алады? Бұл сұрақтың жауабын, «Қайырлы таң» бағдарламасының жүргізушісі Гүлжан Андағұловадан сұрап білдік.
СНХ: ГҮЛЖАН АНДАҒҰЛОВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ
Редактор Адилия Кушекова телеарнада бірнеше жылдан бері «Атамекен» бағдарламасын жүргізіп келеді. Атауы айтып тұрғандай, бұл бағдарламада туған өлке, мәдени және тарихи мұра туралы баяндалады.
СНХ: АДИЛИЯ КУШЕКОВА, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ
«Диктор» - латын тілінен аударғанда «сөйлейтін адам» дегенді білдіреді. Ал теледидардағы диктор - жай ғана мәтін оқушы емес, көрерменге ой жеткізетін, эмоция сыйлайтын ерекше маман. Оның дауысы анық, дикциясы мүлтіксіз болуы тиіс. Сондай-ақ әр сөздің салмағын сезініп, мәтіндегі маңызды тұстарды интонациямен шебер айқындай білуі қажет. Бұл өнер мен шеберлікті қатар талап ететін жауапты іс. Алексей Сафронов - «Есіл Ақпарат» жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі. Ол телеарна ұжымына жақында ғана қосылды. Дегенмен, оны бұл салаға әкелген – бір сәттік кездейсоқ жағдай. Бірақ дәл сол сәт оның өмірін өзгертті. Алексей үшін журналистика — енді жай жұмыс емес, жаңа әлемге ашылған терезе.
СНХ: АЛЕКСЕЙ САФРОНОВ, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИКТОРЫ
Әріптестерден сұхбат алу оңай шаруа емес. Себебі олар үнемі түсірілімде, іссапарда жүреді. Айта кетейік, мұндағы ең басты міндет – жедел жұмыс істеу. Ал, мақсат ақпаратты көрерменге мүмкіндігінше тез жеткізу. Сондай-ақ, эфир сыртында қанша маманның еңбегі жатады. Олар режиссерлер, операторлар, монтаж қызметкерлері, инженелернер және тағы басқалары. Жалпы, телевидение – бұл бір мақсатқа жұмылған топтың ортақ еңбегі. Мұнда әр қызметкердің атқаратын рөлі ерекше, әрқайсысының еңбегі маңызды.