СҚО-ның Әділет департаменті 2025 жылдың 6 айда атқарған жұмыстарын қорытындылады. Аталған сала бойынша тексерулерден басқа департаментпен зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы заңнамаларды түсіндіру бойынша 99 іс-шаралар жүргізілген. Бұл туралы толығырақ өңірлік коммуникаиялар қызметі алаңында айтылды.
Облыс әкімдігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде өңірдің тауар өндірушілері географиялық нұсқамаларды тіркеуге 8 өтінім беріп, оның 7-еуі тіркелді. Сондай-ақ, есептік кезеңде облыстық сот орындаушылардың өндірісінде жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асатын 172 489 атқарушылық іс болды. Соның ішінде 48 253 құжат қаралды. Оның 24 779-ы толық орындалып, мемлекет пайдасына 6 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
СНХ: ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
2025 жылдың есептік кезеңінде СҚО-да сот орындаушыларының ұсынымымен 8 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 7-еуі алимент төлеуден жалтарғаны үшін, біреуі сот актісін орындамағанынан жауапқа тартылды. Жалпы, биыл жаза арқалағандар саны өткен жыдлмен салыстырғанда 5,7%-ға артқан.
СНХ: ЕСТАЙ РАШҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Биыл өңірде 277-ден астам құқықтық-ағарту іс-шарасы өткізіліп, 3 мыңнан астам азамат қамтылды. Облыста 164 адвокат, 97 нотариус және 572 заң кеңесшісі қызмет көрсетеді.