Бұдан былай Қазақстанға келген әр мигрантқа ID-карта жасалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды.
Себебі, соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны 1,5 есеге артып, заң бұзу фактілері көбейген. Олжас Бектеновтің айтуынша, ID-карта шекарадан өткен мигранттардың қозғалысын жүйеге келтіріп, толыққанды мониторинг жүргізуге мүмкіндік бермек.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
Биыл 1 млн-ға жуық шетел азаматы Қазақстанға келуге өтініш берген. ІІМ-нің дерегеніше, 2020 жылдан бері Қазақстанға келетін шетелдіктер уақытша тіркеуден босатылған. Бұрын 5 күн ішінде есепке тұратын. Ал, қазір олардың келгені туралы қабылдаушы тарап хабарлауға міндеттелген. Айта кету керек, бүгінде елімізде 212 мың шетелдік тұрақты түрде, 430 мыңы уақытша тұрады. Соңғы 3 жылда елімізге келген шетелдіктер саны 42 пайызға өскен.
СНХ: БАУЫРЖАН ӘЛЕНОВ – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ