Енді мемлекет сараптаудан өткен, лайықты деп танылған фильмдерді ғана қаржыландырады. "Айқын" газетіне сұхбат берген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, осылай деді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2030 жылға қарай кинопрокаттағы ұлттық фильмдердің үлесін 35%-ға дейін жеткізу көзделген. Министр «Қазақфильмге» қатысты түрлі қауесет пен сыни пікір жиілеп кетуіне байланысты, киноиндустрияны жаңа бағытта дамыту керектігін айтты. Қазірдің өзінде нақты қадамдар жасалып жатыр деді. 2025 жылы киностудияға 336 миллион теңге бөлінген. 2024 жылы мемлекеттік қаржыландыру аясында 16 ұлттық фильм прокатқа шықса, биыл 6 фильм көрсетілді. Жылдың соңына дейін тағы 10-ға жуық картина көрерменге жол тартпақ. Мәдениет дау-дамайдың емес, тың идея мен ауызбірліктің алаңы болуы керек,-деді Аида Балаева .