Айыртау ауданындағы Айғаным қонысы - Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына енген нысандардың бірі. Шоқан Уәлихановтай ұлы тұлғаны тәрбиелеген ханшаның үйі қазақ халқы үшін қаисетті нысан. Айта кетейік, мұнда жаз мезгілінде 5 мыңнан астам турист келіп, тарихқа саяхат жасайды. Оның ішінде қызығушылық танытатын шетелдіктер де жетерлік.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Айғаным Сарғалдаққызы – 30 жыл бойы ел басқару ісіне белсене араласқан. Ол халықты бірлікке шақырып, дау дамалйарды шешіп отырған. Ал, ханшаның өзі кезінде осы үйде тұрған. Халық арасында «Уәлихановтар қонысы» атанып кеткен бұл ғимарат бүгін туристер жиі келетін мәдени нысан ретінде танымал.

Айғаным қонысы Сырымбет тауының етегіндегі бөренеден салынған. Бұл қыстақтың салынуы ХІХ ғасырдың басына сәйкес келеді. Деректер бойынша үй орыс патшасының арнайы бұйрығымен салынған. Кейін оның қасына Айғанымның өтініші бойынша медрессе, мешіт, аткерме, монша және тұрмысқа қажетті диірмек секілді ғимараттар тұрғызылады.

СНХ: ДАМИР ТӨЛЕУОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ СЫРЫМБЕТ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Ханшаның үйі 12 бөлмелі болған. Айғаным ханымның бұл қонысында атақты қазақ болыстары, серілері мен ақын-жыраулары жиі болған. Атақты Құнанбай да қоныста болған.

СНХ: ДАМИР ТӨЛЕУОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ СЫРЫМБЕТ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Бүгінде мұнда Айғаным Сарғалдыққызы мен Шохан Уәлихановтың жеке заттары сақталған.

АСНУРИЯ АБДУЛА, ТІЛШІ:

- Қазақтың ағартушысы Шохан Уәлихановтың балалық шағы дәл осы Сырымбетте өткен. Ол 12 жасына дейін Айғаным әжесініңқасында жүріп, одан тәлім алған. Осы бөлме ұлы тұлғаның жеке бөлмесі. Ал, мынау тұрған – жол сандықша. Саяхатшы Қашқарияға жасаған сапарында дәл осындай сандықшаны өзімен бірге ұстап барған екен.

СНХ: ДАМИР ТӨЛЕУОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ СЫРЫМБЕТ ТАРИХИ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ


Шоқанды әжесі Айғаным ғылыммен қатар сурет салу мен мүсін өнеріне де баулыған. Шоқанның қолынан шыққан туындылардың бірінде Сырымбет тауы бейнеленгені белгілі. Айғаным немересіне ақсүйекке тән тәлім беріп, біліммен сусындатып, оның тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етті.