Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың Әлем әдебиеті залында 50-ге жуық шет тілінде жарық көрген әдебиеттер топтастырылған. Жуырда бөлім қорына ағылшын тіліндегі жаңа кітаптар келіп түсті. Сонымен қатар, оқырман назарына қытай, түрік, поляк және чех тілдерінде жазылған шығармалар да ұсынылады.

Залдың қоры айына бір рет тұрақты түрде жаңа басылымдармен толықтырылып отырады. Атап айтқанда, әлемнің түрлі тілдеріндегі көркем әдебиеттер, грамматика бойынша оқу құралдары, сөздіктер, энциклопедиялар мен түрлі бағыттағы журналдар оқырман игілігіне ұсынылады.

СНХ: ЛЯНА ОВЧАРЕНКО, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ - ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ ЗАЛЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ