Өткен жылы қалада жаңа барабан мен гитара мектебі ашылды. Бұл - шығармашылықты дамытуға, музыкалық қабілетті шыңдауға таптырмас мүмкіндік. Музыканттарды тәрбиелеуге бағытталған бұл мектеп - өнерге құштар жандар үшін тамаша орын.
Мектептің негізін қалаушы - Жасұлан Бейсембаев. Ол жастайынан өнерге бір табан жақын. Аспаптар мектебін ашу - оның көп жылдан бергі арманы болған. Оның оңтайлы сәті былтыр түсіп, ол облыс орталығында барабан мен гитара мектебін ашты.
СНХ: ЖАСҰЛАН БЕЙСЕМБАЕВ – АСПАПТАР МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мектеп негізінен ересектерге арналған. Сабақты музыкалық білімі мол және көп жылғы тәжірибесі бар кәсіби оқытушылар жүргізеді.
Петропавлдағы барабан мен гитара мектебінің оқытушысы — 21 жастағы Андрей Прушинский. Ол бес жыл бойы аспапта ойнап, күтпеген жерден ұстаздық жолға түсті. Қазір Андрей өз тәжірибесін басқаларға үйретіп жүр.
СНХ: АНДРЕЙ ПРУШИНСКИЙ - ОҚЫТУШЫ
Мектеп ұжымының алдағы мақсаттары музыкалық дәріс ауқымын кеңейту. Сондай-ақ бірер ай шамасында оқушылар мен оқытушылардың жеке концертін ұйымдастыру.