Облыс орталығында полиция қызметкерлері мопед пен скутер жүргізушілеріне кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Тексеріс барысында жүргізуші куәлігі, көлік құжаттары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына баса назар аударылды. Мамандардың айтуынша, екі дөңгелекті көліктерге қатысты заң талаптары күшейген. 

Бүгін облыс орталығында полиция қызметкерлері мопед пен скутер жүргізушілеріне рейд өткізді. Еске салып өтсек, 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопед пен скутер механикалық көлік құралы ретінде танылады. Сондықтан оларды заңды түрде пайдалану үшін міндетті түрде тіркеуден өткізу, жүргізуші куәлігінің болуы, техникалық байқаудан өту және сақтандыру рәсімдеу қажет. 2025 жылдың 12 айындағы мәлімет бойынша өңірде 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам жарақат алған.

СНХР: АЯГӨЗ ИСМАҒАМБЕТОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ 

Рейд барысында ондаған жүргізуші тоқтатылды. Олардың басым бөлігінде көлікке қатысты құжаттар, тіркеу куәлігі немесе «А» санатындағы жүргізуші куәлігі болмады. Полиция қызметкерлері қала тұрғыны Елена Зоринаны да тоқтатты. Бұл жолы оған ескерту жасалды. Себебі көлік құжаттары, тіркеу нөмірі және жүргізуші куәлігі болмаған. Егер келесі жолы құжатсыз анықталса, көлігі айып тұрағына қойылып, әкімшілік хаттама толтырылады. Жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, ал тіркелмеген көлік үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

СНХР: ЕЛЕНА ЗОРИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай рейдтер әсіресе жаз мезгілінде тұрақты түрде өткізіледі. Себебі дәл осы кезеңде екі дөңгелекті көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілейді.