Солтүстік Қазақстан қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен көркейіп келе жатқан өлке. Мұндағы әрбір кәсіп – ел өмірінің бір бөлшегі болып табылады. Әсіресе ауылдағы шағын өндіріс орындарының маңызы ерекше. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Ковыльное елді мекенінде орналасқан шағын наубайханы солардың қатарына жатқызуға болады. Аталмыш ауыл облыс орталығынан 350, аудан орталығы Новоишимкадан 150 шақырым жерде орналасқан. Тоқсаныншы жылдардың теперішінен өткен бұл елді-мекен бүгінде түтіні түзу ұшып, өңіріміздегі алдыңғы қатарлы ауылдардың сапында көш бастап тұр деп нық сеніммен айта аламыз. Оның өсіп-өркендеуінде жергілікті агроқұрылымның алар орыны ерекше. Ковыльный халқы оны анық сезініп отыр. Тоқырау жылдары ірге тасы енді қаланған «Ақселеу» серіктестігі ауылды ыдыратпай тұтастай өз қарамағына алған. Содан бері сынаптай сырғып 36 жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында шарушылық аяғынан нық тұрып облысымыздағы іргелі серіктестіктердің біріне айналды. Тек өздері дамып қоймай, ауылдың гүлденуін де басты назарда ұстайды.

Бүгінде Ковыльныйда 130 үй түтін түтетіп отыр. Халық саны 400 болса солардың жартысына жуығы жыл 12 ай тұрақты еңбекпен қамтылған. Егіншілік пен мал шаруашылығы, астық қабылдау қосыны, машина трактор паркі одан бөлек, мектеп, балабақша, медициналық қосын мен, пошта бөлімшесі, орталық асхана, спорт кешені секілді барлық әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұр. Елдегі шағын наубайхана да тоқсаныншы жылдардың басында ашылған. Содан бері еш тоқтаған емес. Өндіріс ошағының іске қосылуына да тұтас бір ауылды қанатының астына алған «Ақселеу» серіктестігі басшылығы мұрындық болған.

СНХ: Серік Малаев – серіктестік басшысы

Шағын ауылда 40 жылға жуық үздіксіз жұмыс істеп тұрған шағын наубайхана бүгінде тек Ковылный халқын ғана емес сондай-ақ оған көршілес орналасқан Сокологоровка мен Барикад ауылдарында ас атасы нан мен толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде күніне 160 бөлке нан пісіріледі. Одан бөлек, тәтті тоқаштың 30 ға жуық түрі де әзірленіп өз тұтынушыларына жол тартады.

Олардың бәріне өндіріс ошағында еңбек ететін аға наубайханашы Людмила Рышкова мен оның көмекшісі Әсем Жаманаева толық үлгереді.

Жалпы наубайханадағы жұмыс ауыл шырт ұйқыда жатқанда, яғни таңғы бестен аса басталады. Аға наубайханашы Людмила Рышкова осы уақытта бұл жерде өз міндетіне кіріседі.

Наубайхананың тұтынатын басты шикізаты ол ұн. Оның сапасы дұрыс болмаса, нан да жақсы шықпайды. Ал тұтынушылардың сенмін ақтау ол кез-келген тауар өндірушінің негізгі міндеті. Ыстық нанның иісі – бұл жердегі еңбектің белгісі. Ал сол еңбектің артында – қарапайым адамдардың үлкен жауапкершілігі жатыр.