Петропавлдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрылымы оқиға орнына жедел жетті. Алайда бұл дабыл қағатын жағдай емес, кезекті оқу-жаттығу. Мұндай іс-шаралар ай сайын жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Өртке қарсы оқу-жаттығу жиынының мақсаты адамдар көп шоғырланатын нысандардағы қауіпсіздік деңгейін тексеру, жеке құрамның кәсіби дайындығын жетілдіру және шұғыл әрекет ету қабілетін пысықтау. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар шартты өртті ауыздықтап, зардап шеккендерді эвакуациялады. Оқу-жаттығу сәтті өтті. Төтенше жағдайлар қызметі осындай дайындық шаралары арқылы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салатынын атап өтті.
МҰСА ЖАҚСЫБАЕВ, СҚО ТЖД ӨРТКЕ ҚАРСЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ПУНКТІНІҢ БАСТЫҒЫ