Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысымен танысты. Жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесіп, өңір экономикасының өсім көрсеткіштеріне тоқталды.

Спикер жергілікті билік пен мәслихат депутаттары өнеркәсіптік өндірісті ұлғайтып, шағын және орта бизнесті дамытуға бірлесіп күш салу керек деді. Президент тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу жобаларын саралады. Бұл бағытта алдағы 4 жылда облыстың инвестициялық портфелі 3,5 трлн. теңгеге жетпек. Қыруар қаржыға 62 жоба жүзеге асады. Ал бұл қосымша 6 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде аймақта құны 608 млрд. теңгеден асатын 30 жоба іске асырылуда.

СНХ: МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ


СНХ: ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ