Автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды. Жаңадан тағайындалған көлік министріне Мемлекет басшысы бірқатар міндет жүктеді. Көлік-логистикаға кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау тапсырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру мәселесіне де тоқталды. Сонымен қатар Президент көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігін айтты.