Астана және Петропавл қалаларының күнін мерекелеуге орай Тұңғыш Президент саябағында "Арман қала» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шара аясында балалар асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, өз қиялындағы армандар қаласын бейнеледі.

Жас суретшілердің туындыларынан шаттық, үміт пен болашаққа деген сенім ерекше байқалады. Байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, Отанға деген сүйіспеншілігін артыруға бағытталған. Мерекелік іс-шара көңілді атмосферада өтті.

СНХ:НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ


Ауа райының аптап ыстығына қарамастан, 40-қа жуық ұл-қыз асфальтқа сурет салу байқауына белсене қатысты. Балалар ерекше шабытпен жұмыс істеп, өз ойларындағы бейнені түрлі-түсті бормен салып шықты.


Байқауға қатысқан барлық балаларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табысталды