Ертең сағат 14:30-да «QYZYLJAR» телеарнасында «Ұнайды маған» тележобасының кастингі өтеді. Іректеу кезеңіне қатысушылар онлайн және оффлайн қатыса алады.
Оффлайн кастингке ән айта аламын деген кез-келген адам қатыса алады. Ұлтына, тіліне шектеу жоқ. Бастысы жасы кәмелеттік жасқа толса болса болды. Кастинг барысында, үміткер 2 ән орындайды. Бір әні міндетті түрде қазақ тілінде болуы тиіс. Әннің жанры (поп, рок, классика және т.б.) маңызды емес. Ал, онлайн өтініш беру телеграм желісі арқылы жүзеге асады. Телеграм бот @unaidymagan2025. Ескеретін жайт жобаға өткен үміткер келешекте, түсірілім барысында кастингте орындаған әндерін емес, ұйымдастырушы тарап, продюсер таңдаған шығармаларды ғана орындайды. 14-15 шілде де онлайн және оффлайн кастингке қатысқан үміткерлерді «Қазақстан» ұлттық арнасының өкілдері мен жоба ұйымдастырушыларынан құралған комиссия іріктейді. Іріктеуден өткендер тележобаға қатысады.