Петропавлда «Жас маман – жаңа қадам» атты 4-ші облыстық жас ұстаздар слеті өтті. Іс-шараға облысымыздың 50 белсенді жас педагогы қатысып жатыр. Дәстүрлі жиында «Smart Ustaz» білім беру жобасының ұйымдастыруымен «Педагогтердің кәсіби дамуының траекториясы» атты мотивациялық-практикалық тренинг өтеді.

Smart Ustaz – педагогтерге арналған Қазақстандық білім беру платформасы. Платформа XXI ғасырдың әмбебап дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту мақсатында құрылған. Мұнда мұғалімдер сыни және креативті ойлау, икемділік, тиімді коммуникация, сондай-ақ қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу дағдыларын меңгереді.

СНХ: АЛИНА ХАМАТДИНОВА, «SMART USTAZ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ЖӘНЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Облыстық білім басқармасы мен «Ел үміті» корпаративтік қоры арасында біліктілікті арттыру, олимпиадаларға дайындық және оларды ұйымдастыру, сондай-ақ басқа да оқыту бағыттары бойынша өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған.

СНХ: ӘСЕЛ ҚИСАЕВА, «EL UMITI» ҚҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Тренингке қатыса алмағандар үшін «Тиімді ойлау дағдылары және когнитивті икемділік» атты онлайн курсқа қолжетімділік ашық. Smart Ustaz — педагогтердің біліктілігін онлайн түрде арттыруға арнайы әзірленген Қазақстандағы алғашқы жоба. Курстар цифрлық платформада орналастырылған, бұл мұғалімдерге еліміздің кез келген өңірінен өзіне ыңғайлы уақытта әрі қолайлы форматта оқу мүмкіндігін береді.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛАЕВ, «ЕЛ ҮМІТІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Айта кету керек, Smart Ustaz платформасы ойын элементтері мен тренинг форматтарын белсенді түрде енгізе отырып, педагогтерге жеке және кәсіби дамуы үшін жаңа құралдар ұсынады.