ҚР ҰҰ Академиясы биыл 25 – ші рет түлектерін шығарды. Басты алаңда өткен салтанатты іс-шарада 200-ге жуық түлекке диплом табысталды. Олардың қатарында үкіметаралық келісімдер аясында білім алған Тәжікістан Республикасының 4 азаматы бар. Жоғары оқу орнын үздік бітірген 5 курсант осыған дейін ҚР Президенті - Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Қасым Жомарт Тоқаевтің қолынан мерзімінен бұрын лейтенант шенін алған. Сондай-ақ биыл мемлекеттік аттестациялық комиссияның шешімімен 12 әскери қызметшіге магистр дәрежесі берілді.
Академия түлектері үшін бұл жәй ғана диплом алу рәсімі емес. Ол – 4 жылдық табандылық пен ерік жігердің, талмай төккен тер мен еңбектің жемісі. Әрбір курсанттың арманы офицер атанып, лейтенант шенін алу екендігі анық. Іс-шара барысында түлектерді ҚР ІІШ Министрінің орынбасары – ҰлттықҰланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков құттықтады.
СНХ: АҢСАҒАН БАЛТАБЕКОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ — ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ
СНХ: МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
Әскери адам болуды армандаған Шыңғыс Құшқалиев Академияға Батыс Қазақстан облысынан келген. 4 жылдық курсанттық өмірде белсенділік танытып, ерекше көзге түскен түлек жоғары оқу орнының басшылығына алғысын айтты.
СНХ:ШЫҢҒЫС ҚҰШҚАЛИЕВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ
. Алғашқы офицерлік шендері мен дипломдарын қолдарына алып, офицерлік өмірге қадам басуда. Бұл біздің академия қаьбырғасында өткізген тек білімге толы жылдар ғана емес, сонымен қатар бірлік пен достықтың, ынтымақтастыққа толы кезеңдер. Өзімнің атымнан және түлеттердің атынан алғысымды білідеремін.
Салтанатты рәсімге Ұлттық ұланның жоғары лауазымды қызметкерлері, ардагерлер, ата-аналар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында түлектер Отанға адал қызмет етуге ант беріп, әскери саппен жүріп өтті. Бұл – олардың өміріндегі ең жауапты әрі мақтанышқа толы сәттердің бірі.
Ресми бөлім аяқталғаннан кейін түлектер ақ көйлек киген бойжеткендермен вальс биледі. Айта кетейік, облыс орталығындағы ҚР ҰҰ Академиясы 8 мамандық бойынша офицерлерді дайындайды. Әскери оқу орнында барлығы 10 кафедра бар.