Білім – ел болашағының кепілі. Қаламыздағы Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде 1С сертификатталған оқу орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл – тек оқу орны үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға.

Бұл республика бойынша ашылып отырған оныншы орталық болса, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасынан – бесінші. Ал Солтүстік Қазақстан облысында — екінші. Мұндай орталықтар – бухгалтерлік есеп және ІТ-мамандарын даярлауға арналған маңызды алаң.

СНХ: ДИАНА САДЕНОВА – БУХГАЛТЕРЛІК БӨЛІМНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ


СНХ: ҒАЛИЯ КЕРЕЙБАЕВА – «1С ҚАЗАҚСТАН» ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ететін бұл орталық – тек білім мен тәжірибе алаңы ғана емес, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын орын. Мұнда тек білім беріліп қана қоймай, студенттерді жұмысқа орналастыру бойынша нақты жобалар жүзеге асырылады.

СНХ: МАКСИМ ТАРАСОВ «АРИДА СОФТ» СЕРІКТЕСТІНІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ


Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіндегі 1С сертификатталған оқу орталығы — бұл заманауи білім беру мен еңбек нарығы талаптарының тоғысқан тұсы. Мұнда болашақтың білікті мамандары қалыптасатынына сенім мол.