«ANK Kids» балалар лагеріндегі қорытынды ауысым – нағыз мерекеге айналды. Соңғы күн қалай өтті, балалар лагерьмен қандай көңіл-күймен қоштасты және осы уақыт ішінде неге үйренді – осының бәрін тілші бейнматериалында.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы «АНК kids» жазғы лагері түрлі ұлт өкілдерін, мәдениеті мен қызығушылықтары әртүрлі балаларды біріктірді. Мұнда олар бір-бірін түсінуді, дәстүрлерді құрметтеуді және ең бастысы — дос болуды үйренді. Біздің кейіпкерлеріміз — дәл осы лагерьде танысып, өмір бойы таныс болғандай мықты достасқан екі бала.
СНХР: ДИАС ӘЛЖАНОВ, РОЗАЛИЯ ДЖЕМАЛЕДИНОВА, «АНК KIDS» ЛАГЕРІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ
Әрбір жаңа күнді балалар тағатсыздана күтетін. Оларға шығармашылық шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, танымдық экскурсиялар жүргізіліп, сондай-ақ Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті таныстырылды.
СНХР: АНАР ҚАРШАЛОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ІС-ШАРАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Соңғы күн ерекше әрі әсерлі өтті. Балалар концерт қойып, ұстаздарына алғыстарын білдірді, жаңа достармен байланыс орнатты. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар балалардың бойында басқа мәдениеттерге құрметті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратынына сенімді.