Медицина қызметкерлері – ең қадірлі мамандық иелері. Осылай деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттады.
Бүгінде еліміздің денсаулық саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі ерен. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған әулеттер де бар. Жиында Президент дәрігерлермен Ақордада алғаш кездесіп отырғанын және бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Атап айтсақ, соңғы 5 жылда 800-ге жуық емхана мен аурухана салынды. Ең бастысы ана мен бала өлімі 12 пайызға азайып, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті. Жыл сайын 45 мемлекеттен 10 мыңға жуық адам Қазақстанға емделуге келеді. Бұл саланың деңгейі біршама артқанын аңғартады. Сондықтан азаматтардың денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін мамандардың әрқайсысы марапатына, сый-құрметке әбден лайық, - деді президент.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
СНХ: ҚҰРАЛБАЙ ҚҰРАҚБАЕВ – С.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ