Қазақстан Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының төрағалығын қабылдады. Бұған дейін ұйымға Әзербайжан жетекшілік еткен еді. Тағдыры мен тарихы бір түркі тілдес елдерінің Парламенті өкілдері бүгін Астанада бас қосып, ТүркПА-ның 14-ші пленарлық отырысын өткізді. Жиында арадағы достастық, парламентаралық байланысты бекемдеу, гуманитарлық байланыстарды нығайту сынды бірқатар мәселелер талқыланды. Жиынға ТҮРКПА мүшелері: Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия сондай-ақ қонақ ретінде Өзбекстан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламенттерінің спикерлері қатысты.

СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Айта кету Қазақстан ТүркПА-ға бір жыл төрағалық етеді. Осы уақыт ішінде еліміздің Парламенті барлық сала бойынша түркі елдермен ынтымақтастықты нағайтып, ұйымның халықаралық беделін күшейтуге барын салмақ.

СНХ: САГИБА ГАФАРОВА - ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУПБЛИКАСЫ МИЛЛИ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ