14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні. Осыған орай облыстық қан орталығында қан тапсыру арқылы өзгелерге өмір сыйлап жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Тұрақты донорлар үшін экскурсия ұйымдастырылып, концерт пен естелік сыйлықтар тарту етілді.
СНХ: ӘСЕМ ӘКІМҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Қан орталығы мамандарының айтуынша, бүгінде қан тапсырудың маңыздылығы артып келеді. Донор болу – тек игі іс қана емес, адам өмірін құтқаруға жасалған нақты қадам.
СНХР: САБЫРЖАН ТӘУКЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қан доноры болу — жан жылуын жеткізу. Бұл қағиданы 40 жыл бойы ұстанып келе жатқан жан — Жанат Есенгелдинов. Ол тек тұрақты түрде қан тапсырып қана қоймай, донорлықты насихаттауға белсене атсалысып жүрген ұстаз. Биология пәнінің мұғалімі ретінде, ол оқушыларымен бірге қан мен оның адам өміріндегі маңызы туралы зерттеу жүргізіп келеді. Тіпті, өмірден өткен соң донор болу мәселесін де көтеріп жүр. Ұстаздың бұл бастамасын шәкірттері де қолдап, ғылыми бағытта ізденіп келеді.
СНХР: ЖАНАТ ЕСЕНГЕЛДИНОВ, ТҰРАҚТЫ ДОНОР, ТАЙЫНША АУДАНЫ
5-сынып оқушысы «Зерде» ғылыми жобалар байқауында бірінші орынды иеленді. Жас зерттеуші байқауға өзінің тың идеясы мен тыңғылықты еңбегінің нәтижесін ұсынып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
СНХР: ЕКАТЕРИНА МАЛИНОВСКАЯ, ОҚУШЫ, ТАЙЫНША АУДАНЫ
Мерекелік іс-шара күні облыстық қан орталығында «Басқаларға көмектес, қан тапсырып, өмірмен бөліс» ұранын ғұмыр бойына қағида еткен солтүстікқазақстандық донорлар мен волонтерлердің қайырымдылығы мен адал еңбегі арнайы құрметтеліп, марапат грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.