Солтүстікқазақстандық мектеп оқушылары республикалық «IQANAT» олимпиадасына аттанды
Солтүстік Қазақстан облысынан 32 оқушы Алматы қаласында өтетін республикалық «IQanat» олимпиадасының финалдық кезеңінде өз білімдерін сынап көрмек. Зияткерлік сайысқа қатысатын облыстың үздік оқушыларын білім басқармасының өкілдері мен ата-аналары шығарып салды.
«IQanat» жобасы жыл сайын мыңдаған ауыл мектептерінің оқушыларын біріктіріп, дарынды жастарға үлкен мүмкіндік ұсынады. Биылғы финалға шыққандар – жүзден жүйрік танылғандар. Олимпиадада олар физика, математика, Қазақстан тарихы және сыни ойлау пәндері бойынша өз білімдерін көрсетеді.
СНХ: КҮНСАРА СӘДУАҚАСОВА – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жерлес оқушылардың бірқатары осындай үлкен алаңда алғаш рет бақ сынап көрмек. Олар толқыныстарын жасырмады, дегенмен өздеріне сенімді және жеңіске жетуге ниетті.
СНХ: ЛӘЙСАН ҚАППАС, ГҮЛДЕН МАРАТ- ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
Республикалық олимпиада еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен 1000 оқушы қатысады. Солардың ішінен үздік шыққан 100-і Алматы қаласындағы IQanat мектеп-интернатында оқуға мүмкіндік алады. Өңірдің оқушылары осындай ауқымды додаға осымен жетінші рет қатысып отыр.