Жас полиция қызметкерлері алғашқы қызметтік куәліктерін алды. Жастарды полиция қызметі несімен қызықтырады – бұл жайында облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктері табысталды. Қызметке енді ғана кіріскен жас полицейлер үшін әсерлі сәтте ведомство ардагерлері қолдап, ізгі тілектерін жеткізді.

СНХ: ҚАПЕЗ ДӘУЛЕТБАЕВ — СҚО ПД ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Полиция қызметінің жастар үшін тартымды тұстарының бірі – қиын сәтте адамдарға көмек көрсету мүмкіндігі. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарына қосылғандардың бірі - Гүлдана Серікбай.

СНХР: ГҮЛДАНА СЕРІКБАЙ, АНЫҚТАУ ТОБЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫСЫ


Полицейлерге жаңа шен берілген сайын қызметтік куәліктері де жаңарады. Дегенмен, тәртіп сақшылары үшін ең алғашқы куәлігін алған сәт пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы алғашқы қадамдары – өмір бойы ұмытылмас естелік болып қалады.