Облыс орталығында туристік қауымдастық тұрғындар мен қонақтар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар автобуспен шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихымен жақын танысты. Турға қатысушылар қаланың орталық көшелерімен жүріп, тарихи ғимараттарды, сәулет нысандарын және мәдени ескерткіштерді тамашалады.

Қатысушылар ең алдымен 2018 жылы салынған Қызылжар мешітіне аялдады. Бұл мешіт – қаланың рухани орталықтарының бірі. Келушілер сәулет өнеріне тәнті болып, мешіт маңында суретке түсті. Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар жастарға туған жердің тарихын тереңірек тануға мүмкіндік береді.

СНХ: НҰРАЙ ЕРМАҒАНБЕТ ТІЛШІ


Келесі аялдама — Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне орнатылған Мәңгілік алау алаңы. Мемориалдық кешен – ерлік пен батырлықтың мәңгілік символы. Қатысушылар соғыста қаза тапқандарды еске алып, тағзым етті.

СНХ: ЮЛИЯ КУЗЬМЕНКО – ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ


Жол бойы тәжірибелі экскурсия жүргізуші Юлия Кузьменко әр көшенің атауына тоқталып, шығу тарихын баяндап отырды. Сондай-ақ, ол Петропавлдың қалыптасу кезеңдері, қаланың даму жолы және маңызды оқиғалар туралы қызықты деректермен бөлісті. Қатысушылар көргендерін суретке түсіріп, әсермен бөлісті. Экскурсия аясында қаланың ең маңызды орындарына арнайы аялдамалар жасалды.