Облыста медицина қызметкерлері күні қарсаңында сала өкілдері марапатталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов салтанатты жиында ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, марапаттады.
Елімізде медицина саласы қарқынды дамып келеді. Күн сайын медицина қызметкерлері маңызды міндеттерін атқарып, халық денсаулығын сақтауға зор үлес қосып жүр. Аймақтарда инфрақұрылым жаңартылып, заманауи медициналық қызмет қолжетімді бола түсу үстінде. Алайда бұл саланың басты құндылығы — өз ісіне адал, білімді әрі жауапкершілікті сезіне білетін мамандар.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өңірдің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандар аз емес. Зейнет жасына жеткен, жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асқан қызметкерлер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Олардың қатарында хирург Анатолий Пысин де бар.
аударма
СНХ: АНАТОЛИЙ ПЫСИН, ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТІН КӨПСАЛАЛЫ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГІ
Кәсіби біліктілік пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетіп жүргендер төс белгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
СНХ: ОКСАНА ЛУКЬЯНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ФЕЛЬДШЕРІ
Медицина қызметкерлерінің еңбегі әр уақытта қиын болғанымен, абыройлы әрі қадірлі. Адамгершілік пен дәрігерлік шеберлік – емдеудің негізі әрі басты шарты болып қала береді.