Өңірде «Бір күн қалада» жазғы жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл – ауылдық жерлерден келген балаларға демалысты қызықты өткізумен қатар, өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, денсаулықтарын нығайтып, туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – балалардың дамуына, денсаулығын нығайтуға және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау. Ұл-қыздар көңіл көтеріп қана қоймай, өңірдің тарихымен де танысады.
СНХ. ИРИНА КОЛОДАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін «Бір күн қалада» жобасы Мамлют және Қызылжар аудандарынан келген шамамен 90-ға жуық баланы біріктірді. Қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды: мұражайларға экскурсиялар, аттракциондар саябағына бару және киносеанс ұйымдастырылды.
«Бір күн қалада» жобасы тамыз айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында облыстың әртүрлі аудандарынан келген оқушылар Петропавл қаласының көрікті жерлерін аралап, ұмытылмас әсер алады.