Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы қала үшін өзекті жол инфрақұрылымы мәселелеріне арналды.

Отырысқа Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ СҚОФ, Оңтүстік Орал темір жолдары Петропавл бөлімшесінің өкілдері шақырылды. Полицейлер бұл ауданды оң жақты ауыспа жолдармен жабдықтау, көшелерді кеңейту, қосымша тротуарлар салу бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. консультативтік-кеңесші органның мүшелері құқық қорғау органдары өкілдерінің ұсыныстарын мақұлдады. Сондай-ақ, Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі апат мәселесіне тоқталды. Талдауға сәйкес, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 30% - дан астамы тәуліктің қараңғы уақытында орын алады. Талқылаудан кейін консультативтік-кеңесші орган мүшелері полицейлердің белсенді жол белгілерін қолдануды кеңейту, кез келген ауа райының құбылыстарында жаяу жүргіншілер өткелінің көрінуін қамтамасыз ететін проекциялық жарықтандыруды, «жолақтарға" жарықдиодты маяктарды орналастыру туралы ұсыныстарын мақұлдады. Бұл шаралар жол-көлік оқиғалары қаупін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.