Солтүстікқазақстандық полицейлер облыстық прокуратураның үйлестіруімен Петропавлға есірткі жеткізудің тағы бір арнасын әшкереледі. Толығырақ — облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.
Жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы Астана қаласының тұрғыны тізгіндеген «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Аталған азамат сәуір айында «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде тоқтатылған. Автокөлікті тексеру кезінде, орындық астынан үш орама табылған.
СНХР: РУСЛАН ҮМБЕТОВ, СҚО ПД ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫ
Полиция қызметкерлері жастарды «жеңіл ақша» табу ұсынысына келіспеуге шақырады. Қылмыстың өтеуі жаза екендігін естен шығармау қажет.