Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласындағы Жеңіс саябағына биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2400 шаршы метрге кеспе тас төселіп, жарықтандыру жүйелері жаңартылған. Сондай-ақ,тынығу орындары, қоқыс жәшіктері орнатылып, кіреберіске жаңа арка қойылды. Саябақта мүгедек жандарға арналған пандус та қарастырылған.

Жалпы, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда қаражат толықтай игерілген. Айта кетейік, сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталды.

СНХ: БАҒДАТ БЕГІМБЕТОВ, СЕРГЕЕВКА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ