Өнірімізде ұлттық спорт түрі – асық ату бойынша айтулы дода өтіп жатыр. Бұл – Қазақстан Республикасының 11 – ші чемпионаты. Елдің 19 облысынан келген үздік мергендер 4 күн бойы шеберлік байқасып, жеңіс жолында бақ сынасуда.

Чемпионатқа жасөспірімдерден бастап, тәжірбиелі спортшыларға дейін қатысып жатыр. Әр қатысушының көздегені – жеңіс пен ұлттық өнерді дәріптеу. Жарысқа еліміздің 19 облысынан келген спортшылар қатысып отыр. Бұл – ұлттық рух пен бірлікті айқындайтын ауқымды жарыс.

СНХ: ҚАЛИБЕК ҚУАНҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫН АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫН БАСШЫСЫ


Әр асық ату – дәлдік пен тәжірибенің жемісі. Спортшылар бұл чемпионатқа бірнеше ай бойы тыңғылықты дайындалған. Әр ойыншы өз өңірінің намысын аброймен қорғауға келген.

СНХ: ЖОМАРТ САБЫРЖАНОВ, АСЫҚ АТУДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ


Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Әр кезең сайын тартыс күшейіп, жіңімпаздар анықталуға жақындай түсуде.