Болгариялық инвесторлар Шымкентте ет өңдеу зауытын салмақшы. Жоба құны 20 млн еуроға жуықтайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан – Болгария бизнес форумында айтылды. Қазір «Kazakh invest» ұлттық компаниясы мен еуропалық серіктестеріміз инвестиция құюға болатын салаларды іріктеуге кіріскен. Бұл дегеніміз тараптар экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін аңғартады. Бүгінде Қазақстанда Болгарияның 60 астам компаниясы жұмыс істеп тұр.

СНХ: МАДИЯР СҰЛТАНБЕК - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ